Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде халықтар арасындағы достықты нығайту мақсатында 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай, «Біз біргеміз - бұл біздің күшіміз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қарағанды технология және сервис колледжінің студенттері шақырылды.
Бұл мерекенің негізі біздің көпұлтты еліміздің барлық этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу. Кітапханашы мерекенің шығу тарихы туралы ақпарат беріп, биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толатынын атап өтті.
Кітап көрмесіне «Қазақстан қарашаңырағым», «Под общим шаныраком», «Народ Казахстана», «Языки народов Казахстана», «Қазақстан халқы Ассамблеясы: жиырма жылдық тарих», «Қазақстан өзбектері», «Дагестанцы в Казахстане», Х.Арғымбаевтың «Историко-культурные связи русского и казахского народов», «Қазақстан-бейбітшілік пен келісім елі» т.б. кітаптар қойылып, шолу жасалды.
Қазақстан халқының бірлігі күні-бұл Қазақстанның барлық этностарының достығы мен келісімінің, қазақстандық патриотизмнің, еліміз бен халқымызға деген адалдықтың мерекесі.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1677-30-s-uir-2025-2#sigFreeId6383a7d72f