30 сәуір күні балаларға қызмет көрсету бөлімінде №48 мектептің 4-сынып оқушыларына Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Туған жер – Туған ел. Бір халық - бір ел» тақырыбында әдебиеттерге шолу жасалды.
Іс-шараның мақсаты оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Өскелең ұрпақты өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешуде. Кең байтақ еліміз Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі.
Көрмедегі көп ұлтты Қазақстан халқының бейбіт өмірін сомдайтын, тарихын қамтитын, бірлігін бейнелейтін әдебиеттерге шолу жасалды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1675-30-s-uir-2025#sigFreeId8b2d1006d3