Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Мамандықтар әлемінде» атты кездесу –диалог өтті.
Мақсаты: Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда «Адал азамат - Адал еңбек - Адал табыс» еңбекқор нағыз маман болу идеясын насихаттау.
2025 жылы елімізде Президентіміздің бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама қоғамның еңбек адамына деген құрметін арттырумен қатар, елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын, қоғамда мәртебесін көтеруге шақырды.
Кездесу кешіне Костенко шахтасының «Болжау» қызметінің бастығы Қойшыбай Жұлдызбек, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық Университетінің «КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжі» оқу бөлімінің меңгерушісі Жұпышева Арайлым Қорабайқызы, шаштараз маманы Тыныбаева Гүльмира Абзалқызы, Қарағанды технология және сервис колледжінің мұғалімі Назгүл Жұмақанқызы мен студенттері және А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия оқушылары қатысты.
Кеш қонақтары өз салалары жайлы мазмұнды ақпарат беріп, мамандық таңдау маңыздылығына тоқталды.
Шара соңында «Мамандықтар әлемінде» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, жасөспірімдер болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға үлкен әсер алды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1673-29-s-uir-2025#sigFreeId571766397e