25 сәуір күні шеберлікті арттыру мектебі аясында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен С. Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасы  арасында бейнекөпір өтті.

Кәсіби кездесу барысында С.Жиенбаев атындағы ОЖК директоры Сейталина Гүлнара Рамазанқызы Ақтөбе кітапханасының бүкіл кешені бойынша өте қызықты виртуалды экскурсия өткізді. Ол Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы базасында креативті орталықтың ашылуы туралы айтып берді. Бұл бірегей жоба 2023 жылы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылған. Жобаның мақсаты – жастарға өмір мен мансапта жетістікке жету үшін қажетті дағдылар мен білімдерді дамытуға көмектесу, сондай-ақ Soft skills жетілдіру.

Гүлнара Рамазанқызы кітап қоймаларын, контент жасау студиясын, музыкалық студияны, коворкингтерді және басқа да бөлімдерді таныстырды.

Оның баяндамасы Ж. Бектұров атындағы ОЖК қызметкерлерінің үлкен қызығушылығын тудырды, олар С. Жиенбаев атындағы ОЖК басшысына көптеген сұрақтар қойды.

Шеберлікті арттыру мектебі жұмысының жалғасында Бейсембаева Р.Р. «Цифрландыру дәуірінде кітапхана қорларын толықтыру: электрондық тасымалдаушысыз құжаттарды толықтырудың ерекшеліктері мен құрылымы» атты халықаралық онлайн-семинар туралы және Ратникова Л.Г. «BookTube, BookTok – интернеттегі кітап әлемінің сегменттері» атты баяндамаларын жасады.

Шеберлікті арттыру мектебін қорытындылай келе, барлық қатысушылар жаңа идеялармен байытылды, кітапхана қорларын жинақтау, балалар мен жастар арасында кітап оқуды насихаттау бойынша үздік тәжірибелерді игерді деп сеніммен айтуға болады. Бейнекөпір кәсіби қарым-қатынасқа ықпал етті, виртуалды тур кітапханада жастарға шығармашылық кеңістік құрудың үлгісі болды.