26 сәуірде Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК қызметкерлері «Astana Eurasian Book Fair-2025» VIII Еуразиялық халықаралық кітап көрмесіне қатысты.
«Astana Eurasian Book Fair – 2025» кітап көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушы – «Фолиант» баспасы». «Фолиант» – баспа индустриясында 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көпсалалы қазақстандық баспа.
«Astana Eurasian Book Fair – 2025» көрмесіне Қазақстан, Ресей, Түркия, Испания, Иран, Өзбекстан, Португалия және Қытай елдерінен 70-ке жуық баспа, кітап сату, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысты.
Көрменің басты мақсаты – кітап оқуды дәріптеу, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап нарығындағы жаңа өнімдерді көрсету, баспа саласындағы заманауи технологияларды таныстыру және халықаралық әріптестікті дамыту.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1669-26-s-uir-2025#sigFreeId9a91a87282