17 сәуірде Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінде «Кәсіпті іздеу»: кәсіптік бағдарлау консалтингі өтті. 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Іс- шараның мақсаты жасөспірімдердің мамандықты таңдау, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, мамандық таңдау мәселесін арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат беру.

Қарағанды қаласындағы С.Саттаров атындағы мектеп–лицейі, Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі, Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп –лицей–интернаты, Үштөбе тірек мектебі) оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру кеңесінде бес қалалық колледждің Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Қарағанды кәсіптік–техникалық колледжі, Қарағанды медициналық–техникалық колледжі, Машина жасау колледжі, Қарағанды көлік-технологиялық колледжі өкілдері білім ошақтары туралы презентациялар мен бейнероликтер көрсетті, қабылдау жүргізілетін мамандықтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оқушылар құжаттарды қабылдау мерзімдері, оқуға түсу емтихандары, грантта оқу туралы (мемлекеттік тапсырыс бойынша), белгілі бір мамандықтар бойынша оқудың артықшылықтары туралы білді және басқа да көптеген пайдалы ақпарат алды. Кітапханашы оқушыларды түрлі мамандықтар бойынша «Мамандық таңдау – болашаққа қадам» атты кітап көрмесімен таныстырып, кітапханаға экскурсия жүргізді.