18 сәуірде еліміздегі түрлі этностар мен мәдениеттердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша Ассамблеяның атқарған еңбегін, оның тарихын, жетістіктерін талқылау мақсатында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Ұлттар достығы» атты дөңгелек үстел іс-шарасы өтті.
Іс-шараға спикерлер ретінде Қарағанды қаласындағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығы мен «Ихлас» татар-башқұрт этномәдени орталығының @tatarlar_of_karaganda_ihlas өкілдері; Қарағанды медицина университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының» ассистент профессоры Абдрахманова Камшат Жақсылыққызы.
Шара барысында спикерлер: Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуының басты себебі; Қазақстан Халқы Ассамблеясының қазіргі таңдағы басты қызметі; Ассамблеяның рөлі мен бүгінгі қоғамдағы маңызы; Ассамблеяның бүгінде еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасында бірлік пен ынтымақтастықты сақтаудағы рөлі қалай жүзеге асып жатыр? - деген сұрақтарды талқылады.
Қарағанды медицина университеті «Күретамыр» тарихи-өлкетану үйірмесінің @kuretamyr21 мүшелері: Ағымова Назым – «Қазақстан халқы Ассамблеясы — бірлік пен татулықтың символы», Калдыбаева Жанэль - «Татулықты ту еткен Қазақстан Халқы Ассамблеясы» тақырыбында баяндамалар жасады.
«№97 гимназиясының» @gimnaziya.97 оқушысы Чаркаджы Кубра Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп оқыды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1649-18-s-uir-2025#sigFreeIdb286c9b453