15 сәуір күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Ұлттық ғашықтар күніне орай «Ғашық көңіл - мәңгі жасыл айдын көл» атты танымдық ойыны өтті.
Ойынға Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің атынан «Айналайын» тобы мен Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің атынан «Алаш» тобы қатысты. Ойын барысында қатысушы топ мүшелері өздерін таныстырып, экранда арнайы дайындалған ұяшықтардағы әр түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге үй тапсырмасы ретінде өз өнерлерін көрсетті. Ойынды әділ бағалаған әділқазылар алқасының шешімі бойынша Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің атынан қатысқан «Айналайын» тобы алғырлығымен жеңіске жетті. Жеңімпаз топ дипломмен марапатталса, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің атынан қатысқан «Алаш» тобы ойынға қатысып, белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1645-15-s-uir-2025-2#sigFreeIda79d9eb9ea