2025 жылғы 13 сәуірде Ұлы Отан соғысының ардагері, қарағандылық Шинкевич Мария Ефимовна 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Мария Ефимовна соғыс жылдарын 1945 жылдың тамызына дейін өткеріп, снайпер болған, үшінші Беларусь және бірінші Украин майдандарында соғысқан.
Жауынгерлік ерлігі үшін ол II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Украинаны азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да марапаттармен наградталған.
Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Мария Ефимовнаны 100 жылдық мерейтойымен және Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Батырлығы мен ерлігі, Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі, бейбіт аспан астындағы еркін және тәуелсіз еліміздегі өміріміз үшін алғыс ретінде кітапхана қызметкерлері ардагерге гүл шоқтарын, құттықтау ашық хатын және Қарағанды қаласындағы №95 гимназияның мұғалімдері, оқушылары мен ата-аналары дайындаған сыйлықтарды табыс етті.
Мария Ефимовна шын жүректен құттықтауларды қабылдап, барша қазақстандықтарға бақыт, денсаулық және бейбіт аспан тіледі.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1641-13-s-uir-2025#sigFreeIde3b64c646b