14 ақпанда балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері «Ровесник» балалар-жасөспірімдер клубына барып, кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығына арналған ақпараттық сағатқа қатысты.
Іс-шараға Ауғанстан аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы, ҚР Қарулы күштерінің полковнигі Жантасов Амангелді Теміржанұлы шақырылды.
Ақпараттық сағаттың мақсаты: Ауғанстандағы жауынгерлік іс - қимылдарға қатысушы интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсету.
«Ровесник» БЖК нұсқаушы-әдіскері Қайыржан Кәрімұлы Тілеубергенов кіріспе сөзінде Ауғанстанда қазақстандық жауынгерлердің батылдық, қайсарлық пен табандылық танытып, нағыз кәсіби жауынгерлер ретінде күрескенін атап өтті.
Ауған соғысының батыры Жантасов А.Т. балаларға өзінің және жауынгерлік ерліктері туралы әңгімеледі. Амангелді Жантасов «Жартасты жастанған жасақ» және «Второй мусульманский» атты екі шығармадан тұратын өз кітабын ұсынды.
Кітапханашылар «Ауғанның асуында от кешкендер» атты деректі және көркем әдебиеттер мен безендірілген кітап көрмесін ұйымдастырды. “Қазақстан батырлары” қысқаша библиографиялық анықтамалығы, «Айбын» энциклопедиясы, «Қазақстанның Әскери энциклопедиясы», «Книга памяти. Афганистан (1979-1989)», «Афганистан болит в моей душе» жинағы, Верстаков В. «Прости за разлуку», Абдуллаев Ч. «Уйти и не вернуться», Алексеевич С. «Цинковые мальчики», А. Стовбаның «Мама я вернусь» өлеңдер жинағы және т. б. әдебиеттерге шолу жасалды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1543-6-yrk-jek-2024-2#sigFreeId69592a94ee