14 қаңтар жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі «Нұркен Әбдіров атындағы ЖББМ» school_n.abdirova.krg 8 сынып оқушыларымен «ЭкоРазум» жастар экологиялық-ағарту бірлестігінің жұмысы аясында «Жойылып бара жатқан сұлулық» атты экологиялық сабақ өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды Қызыл кітаптағы жануарлар мен өсімдіктермен таныстыра отырып, олардың түрлері туралы ақпарат беру, экологиялық білімдерін дамыту. Табиғатты қорғауға және оған қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Шара барысында оқушыларға «Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, олардың жойылу кету қаупін қалай қадағалауға болады?», «Қызыл кітап деген не?», «Елімізде қорықтар мен саябақтардың қандай түрлері бар?», «Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіңдер?» және т.б. сұрақтар қойылды.
Іс шара барысында оқушылар «Рас па?» стратегиясы бойынша жүйелеу және қорытынды жасау үшін дұрыс жауаптарын жазды, «Қазақстан» сөзжұмбағын шешті, табиғатты қорғау мәселелерін талқылады.
«Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен», А.Иващенко «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы», «Өсімдіктер әлемі» , М.Мырзабаев «Дала Экожүйесі Жануарлар» және т.б. көптеген әдебиеттермен танысты. Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген жылдан – жылға азайып келе жатқан жануарлар мен өсімдіктерді еліміздің әрбір азаматы зиянын тигізбей қорғаса, біз сонда ғана керемет тірі қазыналарымызды болашақ ұрпақтарымызға сақтай аламыз.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1517-8-tamyz-2024#sigFreeIdced75824e4