21 қыркүйекте коворкинг орталығында «DASTUR» клубы аясында «Оюмен айтылған ой» атты шеберлік алаңы өтті. Іс-шараға журналист, жазушы Сүйіндік Жанысбай мен жары, қазақ телевидениесі және радио ардагері Әліпбекова Нұрғайын апай,  Қарағанды кәсіптік техникалық колледжінің студенттері қатысты.

Іс-шараның құрметті қонағы Нұрғайын апайдың ою-өрнекке қызығушылығы бала кезден басталған екен. Қазір өзінің отбасына, туған-туыстары, құрбыларына арнап ұлттық оюмен өрнектелген дүниелер жасайды. «Оюдың әрқайсысы белгілі бір ұғымға немесе қандай да бір жағдайға байланысты өрнектелетіні түсінікті. Соны ескерсек, ою-өрнектердің айтар ойы мен берер тәрбиесі де мол. Жазушы Сүйіндік Жанысбайұлы өнердің қазақ өмірінде алатын орны туралы баяндады. Осындай тағылымы мол шарадан оқырмандар ою-өрнек сыры туралы, бұл өнердің эстетикалық мәні зор екеніне көз жеткізді.