Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында 2022 жылдың 23 ақпанында жазушы Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығы және кенші Игорь Лободаның 95 жылдығына арналған «Менің өлкем тұлғаларымен даңқты» атты әдеби қонақжайы өтті.

         Іс-шараның мақсаты: жастарды туған өлкенің әдебиетімен, тарихымен таныстыру; шығармашылығы туған өлкемен байланысты және оның өмірін бейнелейтін жазушы шығармалары бойынша жастардың білімдерін кеңейту; жастар арасында көркем әдебиетті насихаттау.

Шараға арнайы қонақ ретінде Ғабиден Мұстафиннің немере інісі Мұстафин Қазали Әбдікәрімұлы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Бұхарбаева Гүлнар, Ғабиден Мұстафин атындағы кентінің мұражай қызметкері Кулмагамбетова Гулраушан, Қарағанды жоғарғы медициналық интерколледжінің, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің және Ғабиден Мұстафин атындағы №83 ЖББМ оқушылары қатысты.

Шара барысында қатысқан қонақтар, туысы Қазали Мұстафин жазушы жайында жылы естеліктер айтса, телевидение саласының ардагері Гүлнәр Бұхарбайқызы кезінде жазушының өзімен кездесіп, әдемі сұхбат болғаны жайлы айтып берді. Ал, Ғабиден Мұстафин атындағы кентінің мұражай қызметкері Кулмагамбетова Гулраушан, мұражайдан алып келген жазушыға арнап жасалған фотоальбомды көрермендерге таныстырды.

Көрермендерді өлке тарихымен қызықтырақ таныстыру мақсатында Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестіктің әншісі Башай Меруеш ақын Серік Ақсұңқарұлының сөзіне жазылған «Қарағанды вальсі» әнін шашу ретінде орындап берсе, №3 балалар өнер мектебі дәстүрлі ән бөлімінің ұстазы Сайдалин Нұрслан Нұрғиса Тілендиевтің «Ауылымды сағындым» әнін орындады.

Бұл шараға сондай-ақ, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері де өз өнерлерімен белсене қатысты. Атап айтсақ, дәстүрлі ән бөлімінің 3 курс студенті Үкібай Дәрия халық әні «Харарау», эстрада-вокал бөлімінің  2 курс студенті Дәуленова Аяжан «Туған жер» әнін, Жорабеков Нұрлан Құрманғазының «Көкала ат» күйін орындады.

Сонымен бірге, көрермендер назарына еңбек қызметін 1953 жылы «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің №20 шахтасында бастаған кенші Игорь Лободаның туғанына 95 жыл толуына орай, «5 канал» арнасының журналисті Рушан Бараевтың «Моя Караганда» сериясы бойынша дайындаған бейнежазбасы  ұсынылды.

 


#Бектуровка
  #жасөспірімдеркітапханасы #Қарағандыоблыстықкітапханасыкітап #қазақәдебиеті

#ҒабиденМұстафиннің120жыл #ИгорьЛободаның95жыл