Кітапхананың инстаграм парақшасында Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында 20-25 сәуір аралығында өтетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап оқу-ақыл тынысы» атты кітап апталығының ашылуы болып өтті.

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығы және Қазақстандағы  балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы атап өтіледі. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы шығармалары таңдалып, оқуға ұсынылып отыр. Кітапханашылар аталған шаралар аясында бірқатар шаралар ұйымдастырған.

         Тікелей эфир қонақтары: Қарағанды облысы, Байқадам ауылының ЖББОМ директоры Жұмағұлова Рымкүл Төлеуғазықызы және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы, ақын Аян Мейраш кітаптың қасиеті, кітап оқу, жастар арасындағы кітап оқылымы туралы ойларын ортаға салды. Өздері оқыған құнды деп санайтын кітаптарды жастарға оқуға кеңес берді.

Эфир соңында модератор Мурзатаева Бақыт Қазбекқызы апталық аясында өткізілетін іс-шаралардың бағдарламасымен таныстырды. 

 

#Бектуровка #кітап  #кітапханасы #оқу #облыстықжасөспірімдеркітапханасы