«Наурыз шуағы» мейрамын тойлауға арналған тұжырымдама аясында 20 наурыз - «Зияткерлік күні» «Ұлағатты ұстаз» атты кездесу

 

 2021 жылдың 20 наурыз күні сағат 15:00-де Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының Instagram парақшасында «Наурыз шуағы» мейрамын тойлауға арналған тұжырымдама аясында 20 наурыз - «Зияткерлік күні» Қарағанды қаласы №61 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Ы. Алтынсарин» төс белгісінің иегері, білім беру саласының үздігі Торекелдина Дидар Карсыбековнамен «Ұлағатты ұстаз» атты кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты:  "Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. «наурыз шуағы» тұжырымдамасына сәйкес 20 наурыз – «Зияткерлік күні». Бұл күні жастардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында іс-шаралар өткізумен қатар, зиялы қауым өкілдерінің жаңа ғылыми еңбектерінің және ақын-жазушылар шығармаларының тұсаукесерлерін кітапханалар мен жоғарғы оқу орындарында ұйымдастыру.

Кездесу барысында ұстаз: «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы жайлы, үстаз болу бала кездегі арман ба әлде ата-ананың қалауы болды ма, жалпы ұстаздық жолға қалай келгені,  еңбек жолының қалай басталуы, ұстаз қандай болуы керек, шәкірт қандай болуы керек, қай авторды сүйіп оқитыны, қандай жанрды қалайтыны, соңғы оқыған кітабы жайында айтып беру» сұрақтар төңірегінде әдемі сұхбат болды.

    Сонымен бірге, Дидар Карсыбековна студенттік өмірінен естеліктер айта отырып, поэзия жанры жанына жақын екеніне тоқталды. Әсіресе Фариза Оңғарсынова мен Мұқағали Мақатаевты жақсы көретінін айтты. Кездесу соңында биыл  туғанына 90 жыл толып отырған қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Мен ғашықпын» өлеңін оқып беріп, біздің оқырмандарымызға, өзінің шәкірттеріне, бірге жүрген қатарластарына, әріптестеріне тілегін айтты. Шара соңында әкімшілік атынан алғыс хат жолданды.

 

#Бектуровка #Наурыз #Зияткерліккүні #Ұлағаттыұстаз #ТорекелдинаДидар #Облыстықкітапханасы  #жасөспірімдер