2025 жылғы 20 маусымда Теміртау қалалық орталық кітапханасында ОКЖ кітапханашыларына арналған көшпелі семинар-тренинг өтті. Іс-шараның тақырыбы — «Кітапханалардың өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі рөлі».
Семинар-тренингке қатысушыларға алғашқы құттықтау сөзін Теміртау қалалық кітапханалар жүйесінің жетекшісі Әлкеева Айгүл Әбдіманапқызы арнап, бұл кәсіби шараның өзектілігін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мәселеге байланысты айтқан сөзін еске салды:
«Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуға тиіс».
Кәсіби іс-шара бағдарламасына келесі баяндамалар мен тренингтер енгізілді:
1. Баяндама: «Біртұтас тәрбие бағдарламасы – жастармен жұмыс істеудегі басты бағыт» — баяндамашы Ратникова Л.Г., Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының инновациялық-әдістемелік бөлімінің кітапханашысы. Кейін қатысушыларға арналған арнайы тренинг ұйымдастырылды.
2. Кеңес: «Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының адалдық, әділеттілік пен патриотизм рухында жастарды тәрбиелеудегі тәжірибесі» — баяндамашы Бейсембаева Р.Р., аталмыш кітапхананың жастарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі.
3. Баяндама: «Әдебиет пен интеллектуалдық даму: ұрпақ тәрбиесіндегі өзара байланыс»— баяндамашы Қалқаман Нұрлыхан Қалқаманұлы, «Temirtau tynysy» газетінің бас редакторы.
4. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Ogyrman» кітапсүйерлер клубының мүшелері «Адалдықты мұрат еткен – Ұлы Абай» атты дауыстап оқулар өткізді. Оқуларда Абайдың «Қара сөздері» оқылып, домбырамен Абай әндері орындалды. Ратникова Л.Г. Теміртау қаласының ОКЖ әріптестеріне Абайдың «Қара сөздері» кітабының бірнеше данасын және ұлы ақынның өлеңдері мен дәйексөздері жазылған парақшаларды сыйға тартты.
5. Әдістемелік ұсынымдар: «Қазіргі жастар: азаматтық сана мен патриотизмді қалыптастыру» — баяндамашы Жәлел Ғ.Қ., Теміртау қалалық ОКЖ кітапхана даму бөлімінің жетекшісі.
6. Кеңес: «Жастар және кітапхана: заманауи жұмыс түрлері арқылы жастарды кітапханаға тарту» — баяндамашы Дендор С.А., №1 кітапхана-филиалының кітапханашысы.
Барлық спикерлер «Адал азамат» тәрбиелеу тақырыбын түрлі қырынан талдап, мәселелер мен әдістерді, жастар саясатын, интернет кеңістігін тиімді пайдалану, жастар жобаларын жүзеге асыру және осы бағыттағы кітапханалардың маңызды рөлін атап өтті. Семинар-тренинг соңында «Туристік орындар туған өлкені зерттеу нысаны ретінде» атты көшпелі экскурсия өтті. Маршрут: Қысқы бақ, тарихи-өлкетану мұражайы, балалар мен жасөспірімдер театры.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-04-21-10-34-08/zhobalar-men-ba-darlamalar/2-uncategorised#sigFreeIdecaf7b9948
КІТАПХАНА КӨКЖИЕКТЕРІ – АГРОГОРОДОК АУЫЛЫНДА!
18 сәуірде Абай ауданындағы Агрогородок ауылының кітапханасы «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» кәсіби турының эстафетасын қабылдады.
Ж.Бектұров атындагы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жетекші мамандары «Ауылдық кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында әріптестеріне кітап пен кеңсе тауарларын сыйға тартты.
Ауыл кітапханашылары үшін өзекті тақырыптар бойынша тренингтер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды:
- «Кітапхана қорын есепке алу жөніндегі құжаттармен жұмысты ұйымдастыру»;
- «Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК жұмыс тәжірибесінде жасанды интеллекті пайдалану» шеберлік сыныбы;
- «Жасанды интеллекті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, библиография қызметіндегі ЖИ құралдары» кеңесі;
- «Ұйымдастырушылық-технологиялық құжаттар жүйесі және кітапханада статистикалық есепті жүргізу тәртібі» тренингі.
Агрогородок ауылының кітапханашысы Бейсембекова Б.Б. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған кітап және иллюстрациялық көрмеге шолу жасалды.
Ауыл кітапханашыларымен кәсіби кездесу әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу, жинақтарды жинақтау және сақтау мәселелерін анықтау, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеудің цифрлық дағдыларын меңгеру алаңына айналды.
КІТАПХАНА КӨКЖИЕКТЕРІ – ТОПАР КЕНТІНДЕ!
Эстафета жалғасуда Ж.Бектұров атындагы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жетекші мамандары «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» кәсіби туры аясында Абай ауданындағы Топар ауылының кітапханасына келді.
«Ауылдық кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында әріптестерге кітап басылымдары мен кеңсе тауарлары сыйға тартылды.
Топар ауылының кітапханашысы М.С.Шарипова ауылдық кітапхананың туған өлкенің қайталанбас мұрасын зерттеп, сақтайтын орталық екенін көрсете отырып, кәсіби кездесуге қатысушыларға өлкетану экскурсиясын өткізді. Ауылдық кітапханашыларға тренингтер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.
Абай ОКЖ ауылдық кітапханашыларымен кәсіби кездесу де әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу, қор жинау және сақтау мәселелеріндегі проблемаларды анықтау, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеудің цифрлық дағдыларын меңгеру алаңына айналды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-04-21-10-34-08/zhobalar-men-ba-darlamalar/2-uncategorised#sigFreeId4f98f8f612
КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – НҰРКЕН АУЫЛЫНДА!
26-27 мамыр күндері Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының жетекші мамандары «Кітапхана көкжиектері: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» атты кәсіби тур аясында Қарқаралы ОКЖ-нің ауылдық кітапханаларында өз жұмыстарын жалғастырды.
Турдың алғашқы күні эстафетаны Нұркен ауылының кітапханасы қабылдап алды. Кездесу тек Нұркен ауылымен шектелмей, көршілес ауылдардан келген кітапханашыларды да қамтыды. Бұл мамандардың тәжірибе алмасуына, кәсіби байланыстар орнатуына үлкен мүмкіндік берді. Нұркен ауылының кітапханашысы Маякина Б.Р. кәсіби кездесу барысында өлкетану бағытында экскурсия ұйымдастырып, ауыл кітапханасының туған өлкенің бай мұрасын зерттеп, сақтаудағы маңызын көрсетті.
«Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестерге кітаптар мен кеңсе тауарлары табысталды. Ауыл кітапханашыларына келесі өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттары мен кеңестер ұйымдастырылды:
• Практикум: «Цифрлық библиография: кітапханалар библиографиялық қызметтің инновациялық құралдарын іздеу барысында»;
• Шеберлік сағаты: «Ж. Бектұров атындағы кітапхана тәжірибесінде жасанды интеллектіні қолдану»;
• Кеңес: «Кітапханалық ресурстарды цифрландырудың мүмкіндіктері мен мәселелері»;
• Ақпараттық сабақ: «Көпшілік кітапханаларда қызмет көрсету бөлімдерінде есеп құжаттарын жүргізу».
Кәсіби кездесу әдістемелік көмек көрсету мен тәжірибе алмасу алаңына айналды. Сонымен қатар, цифрлық библиография, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеу, өлкетану материалдарын цифрлау мәселелері талқыланып, тәжірибе мен білім жетілдірілді.
КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – ҚАРАҒАЙЛЫ КЕНТІНДЕ!
Эстафета жалғасуда! Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері «Кітапхана көкжиегі: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» атты кәсіби тур аясында Қарқаралы ОКЖ-не қарасты Қарағайлы кентінің балалар кітапханасына келді.
Кітапханашы Искакова К.К. кәсіби кездесу қатысушыларын балалар кітапханасының бос уақытты тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмысымен таныстырып, ең басым бағыттардың бірі – қуыршақ театры арқылы сахналандыру жұмыстарын көрсетті. Ауыл кітапханашыларына өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттары мен кеңестер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестерге кітаптар мен кеңсе тауарлары тарту етілді.
КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – КӨКТАС АУЫЛЫНДА!
27 мамыр күні «Кітапхана көкжиегі: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» кәсіби турының екінші күні және мамандары Қарқаралы ОКЖ-не қарасты Көктас ауылының кітапханасына барды. Кітапханашы Шаймерденова А.Ж. өз тәжірибесімен бөлісіп, кітапханада өткізілетін бұқаралық іс-шаралардың креативті үлгілерін таныстырды.
Жақын маңдағы ауыл кітапханашыларына арналған шеберлік сағаттары мен кеңестерде кітапхана ісінің қазіргі заманғы үрдістері – цифрландыру, онлайн ресурстарды дамыту, оқырмандармен жұмыстың жаңа форматтары кеңінен талқыланды.
«Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестеріне кітаптармен кеңсе тауарлары табысталды.
Кәсіби турдың соңында екі күндік жұмыстың қорытындысы шығарылып, қатысушылар мұндай кездесулердің тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді бірлесе талқылап, тиімді шешімдер табуға жол ашатынын атап өтті. Бұл өз кезегінде ауыл кітапханаларының жұмыс сапасын арттыруға және олардың беделін көтеруге ықпал етеді.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-04-21-10-34-08/zhobalar-men-ba-darlamalar/2-uncategorised#sigFreeIde6fc7aa959
«Көкжиек» мемлекетаралық кәсіби жобасы аясында «Нейрожелімен шығармашылық: кітапхана технологияларындағы жасанды интеллект» атты семинар-воркшоп
2025 жылғы 29 мамырда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Көкжиек» мемлекетаралық кәсіби жобасы аясында «Нейрожелімен шығармашылық: кітапхана технологияларындағы жасанды интеллект» атты семинар-воркшоп өтті. Іс-шараға Қарағанды облысының аудандық және қалалық кітапханаларынан 30-дан астам маман қатысты.
Семинар қатысушыларына арнап алғысөз сөйлеген Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Нұргүл Қасымханқызы Қаленова аталған шараның жасанды интеллект технологияларын облыс кітапханаларында дамытудағы маңызын атап өтті.
«Библиографиялық іздестіруде жасанды интеллект технологиялары», «Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК тәжірибесінде жасанды интеллектіні қолдану» атты тренинг-сессиялар барысында кітапханашылар нейрожелілермен тікелей жұмыс істеп, олардың мүмкіндіктерін бағалап, бұл технологиялардың әрбір кітапхана жағдайында қолжетімді әрі қолдануға лайық екеніне көз жеткізді.
Семинар барысында Ресей Федерациясы мен Беларусь еліндегі әріптестермен онлайн байланыс ұйымдастырылды.
Иркутск облыстық жасөспірімдер кітапханасының жоба басқару бөлімінің жетекші кітапханашысы Александр Максимович Пищугин «Жасөспірімдермен жұмыс істейтін кітапхана қызметінде нейрожелілерді пайдалану тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасында жастар арасында өткізілген нейроакциялар, Цифрлық технологиялар апталығы жөнінде айтып, олардың танымалдығын атап өтті. Сондай-ақ, ол И.П. Уткин шығармашылығын насихаттауға арналған жобаларды және XVIII ғасырдың ортасынан XX ғасырдың басына дейінгі әртүрлі елдердің мұрағаттық құжаттарын танитын Яндекс нейрожелілерін таныстырды.
Беларусь ұлттық техникалық университетінің Ғылыми кітапханасының электронды ресурстар бөліміне қарасты репозиторий қалыптастыру және интернет-технологияларды дамыту секторының меңгерушісі Алексей Викентьевич Ковалевский түрлі нейрожелілер туралы айтып, жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру курстарының жұмысына тоқталды.
Одан кейін Android Studio интеграциялық ортада жасалған «Бектұровка» қосымшасының таныстырылымы өтті. Қосымшаны Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің жүйе технигі Мұхан Інжу Ермекқызы таныстырды. Облыс кітапханашылары қосымшаны өздерінің мобильді телефондарына орнатып, болашақта қолдануға болатын мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
Семинар соңында қатысушыларға Ұлттық құрылтайдың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан eGov Mobile қосымшасы арқылы өтетін «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасына қатысу ұсынылды.
Сауалнаманың басты мақсаты – елдің әдеби мұрасын сақтау мен дамыту, қазақстандық жазушылар шығармаларын насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру және баспа ісін қолдау.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-04-21-10-34-08/zhobalar-men-ba-darlamalar/2-uncategorised#sigFreeId856b6ae0ea