Эстафета жалғасуда Ж.Бектұров атындагы Қарағанды облыстық жасөспірімдер  кітапханасының жетекші мамандары «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» кәсіби туры аясында Абай ауданындағы Топар ауылының _kitaphanasy кітапханасына келді.

«Ауылдық кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында әріптестерге кітап басылымдары мен кеңсе тауарлары сыйға тартылды.

Топар ауылының кітапханашысы М.С.Шарипова ауылдық кітапхананың туған өлкенің қайталанбас мұрасын зерттеп, сақтайтын орталық екенін көрсете отырып, кәсіби кездесуге қатысушыларға өлкетану экскурсиясын өткізді. Ауылдық кітапханашыларға тренингтер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.

Топар кентінің ауылдық кітапханашыларымен кәсіби кездесу де әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу, қор жинау және сақтау мәселелеріндегі проблемаларды анықтау, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеудің цифрлық дағдыларын меңгеру алаңына айналды.