2024 жылдың 9 қыркүйегінде Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

Міндеттер: сыбайлас жемқорлық түрлерімен, олардың салдарымен таныстыру; жастардың ой-өрісін кеңейту, қазіргі қоғамның күрделі мәселелеріне өзіндік дүниетанымын қалыптастыру, елдегі сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бойынша орнықты ұстанымның қалыптасуына ықпал ету; жастардың өз іс-әрекеттері мен қылықтары, саналылығы мен әлеуметтік белсенділігі үшін жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ақпараттық сағатты Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері арасында кітапхана басшысының орынбасары Надежда Федоровна Шмойлова өткізді. Жүргізуші «сыбайлас жемқорлық» және «сыбайласқандық» ұғымдарына сипаттама беріп, мұндай құбылыстардың қауіптілігін түсіндірді. Ол әртүрлі елдерде ежелгі дәуірден бастап сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихын айтып, «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мағынасын ашып, оны «адал ниеттілік» ұғымымен салыстырып талқылады. Сондай-ақ, ол адамның ішкі қалпын анықтауға, жастардың ұмтылыстарын ашуға көмектесетін психологиялық тест өткізді, бейнероликтер көрсетті.