Қарағанды облысының  жастары арасында өтетін «ДАРАБОЗ» интеллектуалды танымдық ойынының

(онлайн формат)

ЕРЕЖЕСІ

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1     Осы Ереже «ДАРАБОЗ» атты Қарағанды облысының жастары арасында өтетін интеллектуалды танымдық ойынының мақсаты мен шарттарын анықтайды.

1.2     Ойынды ұйымдастырушылар:

- Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (құрылтайшы)

- Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы (ұйымдастырушы).

 

2. ОЙЫННЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

2.1    Жас ұрпаққа адамгершілік және интеллектуалды тәрбие беру;

2.2   Жеке тұлғаның рухани қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру және  жастарды әдебиетті оқуға тарту;

2.3     Жастардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін ашуға көмектесу;

2.4     Қатысушыларды өздерінің интеллектуалды әлеуетін жұмылдыруға үйрету;

2.5     Интеллектуалды  қызметтің басымдылығын арттыру;

2.6     Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту.

 

 

3. ОЙЫННЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

 

3.1   «ДАРАБОЗ» интеллектуалды-танымдық ойыны жыл бойы өткізіледі. Әр тоқсан сайын өтетін ойыннан іріктелген  жеңімпаз топтар желтоқсан айында өтетін финалдық ойынға жолдама алып отырады.

3.2     Ойын мемлекеттік  тілде өтеді;

3.3  Сайысқа мектептердің 10 сынып оқушыларынан құралған 3 топ қатысады (құрамы 3 адамнан);

3.4     Әр топтың өзінің атауы, эмблемасы және ұраны болу керек;

3.5  Ойын 3 айналымнан тұрады.

І айналым - «Таныстыру» - қатысушылар өз топтарын таныстырады, атауы, ұраны, оқу орны (1-2 мин)

ІІ айналым - «Нар тәуекел»: Экранда теле-табло 3 тақырып бойынша «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті», «Тарихи тұлғалар» көрсетіледі.  Әр тақырыпта - әр түрлі қиындықтағы 5 сұрақ 10-нан 50 баллға дейін. Балалар кез-келген санатты қиындық деңгейі бойынша таңдайды және талқылаудан кейін (30 сек.) жауап береді.  Егер команда дұрыс жауап берсе, оларға таңдалған ұпайлар беріледі. Әр команда 5 сұраққа жауап беруі керек.

ІІІ айналым - «Ой толғау».  «Тәуелсіз елдің жастары-Ұлы Дала тірегі!» (үй тапсырмасы) тақырыбы бойынша топтың бір мүшесі ауызша өз пікірін білдіреді, түйіндемесі 2 минуттан аспауы керек.

3.6  Ойын барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және Қазақстан тарихының тақырыбы ғана емес, сонымен қатар белгілі тарихи тұлғалар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері, Нұр-Сұлтан қаласы, қазақ әдебиеті, қазақтың ақын-жазушылары, тарихымыздағы атаулы даталар және т.б. сұрақтар қойылады.

 

4. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

4.1   Ойдың дұрыс жеткізілуінің жүйелілігі;

4.2   Эрудиция және біліктілік;

4.3   Энциклопедиялық білім мен қатаң дайындық;

4.4   Көпшілік алдында сөйлей алу өнері;

 

5. ОЙЫННЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ

 

5.1   Өтінім 2022 жылдың 20 ақпанынан 1 наурызға дейін қабылданады;

5.2   Ойынның басталуы: 2022 жылдың 3 наурызы күні сағат 14:00-де;

5.3   Финал ойыны 2022 жылдың 7 желтоқсаны күні сағат 15:00-деөтеді;

5.4.  Ойын соңында жеңімпаздар марапатталады.

 

 

6. ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ БАҒАЛАУЫ

 

6.1 Ойынға арнайы қазылар алқасы баға береді. Құрамы 3 адам: тарихшы, әдебиетші, саясаттанушы. Әділқазылар алқасының ішінен төраға сайланады және ойынға  әділ баға беруге жауапты болады. Хатшы әділқазылардың шешімі бойынша протокол рәсімдейді;

6.2 Әділқазылар алқасы қатысушыларды бағалайды, ойынның қорытындысын шығарады. Әділқазылар алқасының шешімі соңғы болады және қайта қарастырылмайды. Егер де бағалау тең болған жағдайда, әділқазылар алқасы төрағасынының бағасы шешуші болады.

 

7. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

 

ЖеңімпаздарҚарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

 

 

Байланысу ақпараты:

Мекен-жайы: Қарағанды қ, Ержанов к, 8а

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы

8 (7212) 43-06-50, 43-06-48, 43-07-04

е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

 

№1 Қосымша

 

Қарағанды облысының  жастары арасында өтетін «ДАРАБОЗ» интеллектуалды танымдық ойынына қатысуға арналған

ӨТІНІМ

 

Топтың атауы:____________________________________________
Оқу орыны:_______________________________________________
Жауапты: ________________________________________________

 

Қатысушылардың аты – жөні    

Сыныбы

Байланыс телефоны

1

 

 

 

2

 

 

 

3