Құрметті оқырмандар!

 

Міне, Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Мен және менің Астанам» атты селфи стиліндегі жастарға арналған облыстық интернет-фотобайқауы аяқталды!

Байқау жеңімпаздарын сіздің лайк және репосттарыңыз анықтады. Сонымен қатар, құзыретті қазылар алқасы жұмыстарды осы байқауды өткізу туралы Ереженің тармақтарына сәйкестігіне тексерді.

Байқау жеңімпаздары:

1 орын: Куйкентаева Айганым Балгинбековна, Сәтбаев қ.

2 орын: Нургалиева Ақерке Саматқызы, Ботақара п. орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

3 орын: Әбітаева Інжу Думанқызы, бухгалтер, Жезқазған қ.

Қазылар алқасы балалардың лайктарды жинай алмаған лайықты жұмыстарын белгіледі:

- Жандарбек Расул Әлімұлы, №3 жаңартпашылық-білім беру лицей-интернатының оқушысы, Жезқазған қ.;

- Кирей Владислав Дмитриевич, "Жастар ресурстық орталығы" КММ жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушысы, Абай қ.;

- Мусеева Гүлназ Нұрлыбекқызы, мұғалім, Жезқазған қ.;

- Мусеев Мағжан Нұрлыбекұлы, ІІБ, Жезқазған қ.;

- Риянбек Гульбаршин, іс жүргізуші, Ботақара п.

Байқау біздің облыстың қалалары мен кенттерінен шыққан жастардың көп бөлігін қамтығаны қуантады. Байқауға белсенді қатысып, Қарағанды облысының жастары біздің тамаша елордамыз-Астанаға деген шексіз сүйіспеншілігін білдірді!

Жеңімпаздарды марапаттау 12 желтоқсан күні «Эрудит ХХI» «Елдіктің ерендігі - Егемендік» зияткерлер турнирінде өтеді.

Іс-шара сағат 14-30-да кітапхананың акт залында басталады.

Байқау жеңімпаздарын және қазылар алқасы қосымша белгілегендерді құрметті  марапаттауға келуге шақырамыз!

Жаңа байқауларда кездескенше, достар! Жаңалықтарымызды қараңыздар!

 

Кітапхана сайты: www.uniorlib.kz.

Instagram – да біздің бет: https://www.instagram.com/bekturov_library/.