Памук, Орхан

Үнсіз үй [Мәтін] : роман / Орхан Памук ; түрік тілінен аударған Г. Файзолла. - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2020. - 352 бет

Романдағы әр тараудан кейіпкерлердің ішкі монологын тыңдаймыз. Алдымен біз әкесінің жесіріне қарайласып жүрген 55 жастағы ергежейлі Режептің әңгімесін естиміз. Ол жападан-жалғыз киноға кеткен кезде біз 90-ға таяған Фатманың бөлмесінен бір-ақ шығамыз. Мұнда қария күнұзақ идеалист дәрігермен құрдымға кеткен некесі, өлгеніне қаншама жыл өтсе де діни және саяси көзқарастарына деген өкпесі жайлы ойларға беріліп жатады.
Романның осы тұсы шаң басып қалған меланхолияға, бірсарындылыққа толы болып келе жатады да, кенеттен жас кейіпкерлер пайда болады. Олар тыныштыққа мүлгіген қаланы, арасында «Режеп, қайдасың?» деген дауыс естіліп жататын үнсіз үйді ұйқысынан оятқандай болған дүрбелең алып келеді.