26 қыркүйек күні   Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында  «Жанды кітапхана-Живая библиотека»  жобасы аясында  «Жаныңда жүр жақсы адам»  атты «Еңбек күні» мерекесіне арналған кездесу кеші өтті.

     Еңбек – адам өмірінің мәні. Адам алдына қойған мақсатына тек еңбек арқылы жетеді. Еңбек адамды шынықтырады, шыңдайды. Сондықтан адам өмірінде еңбектену маңызы ерекше.

       Кездесу кешінің қонақтары : Ерқанат Кеңесбекұлы, Қарағанды облысы ақпараттық талдамалық орталығының директоры,  Амандық Тоғжан Амандыққызы, «Алау»  өнер мектебінің жетекшісі,  Сейсембеков Жанат Талғатұлы,  грепплинг,  самбо күрестерінен спорт шебері, полиция капитаны.   

 Іс-шараға  «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК,  «Қарағанды банк колледжі» ЖМ,  «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК,  «Қарағанды Сән  колледжі»  ЖМ студенттері,  Ә.Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары  қатысты.   Кештің кейіпкерлері  туралы  арнайы  слайд  жасалып, оқырмандарға таныстырылды. Кеш кейіпкерлері өздерінің өмірі және еңбек жылдары, кәсіби шеберлігі, жеткен жетістіктері туралы баяндап, жастарға қажырлы еңбектің арқасында ғана қиыншылықтарды жеңіп, үлкен мамандық иесі бола алатындарын түсіндірді. Оқырмандар көкейлерінде жүрген «Қазіргі жастардың еңбекке деген құлшынысын байқайсыз ба»?,  «Еңбек жолын қалай бастадыңыз?», «Қазіргі уақытта қандай әдебиетті оқуды ұсынасыз және өзіңіздің соңғы оқыған шығармаларыңыз?», «Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек  деп есептейсіз»?, «Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба?»,   «Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?»  т.б. сұрақтарын қойып,  ұтымды жауаптарын алды. Кездесу кешінде Ерқанат Кеңесбекұлы,  домбырада өзі жазған  әнін әуелете  шырқаса, Тоғжан Амандыққызы  «Іздеме» әнін орындады.  

Іс шара жас жеткіншектер үшін қызықты әрі тартымды әсер берді.«Береке бастауы-тынымсыз еңбек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.