Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың ақпанында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.

10-шы қыркүйек күні Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында латын әліпбиінде диктант жазуға қатысты.

«2019 жыл – Жастар жылы» тақырыбындағы жалпы қазақстандық ашық диктант сағат 11:00-де барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өтті.

Біздің кітапхана қызметкерлері диктантқа қатысу латын графикасы негізінде қазақ әліпбиін жазудың практикалық дағдыларын меңгеруге және бекітуге ықпал ететініне сенімді.

Латын графикасына түпкілікті көшу кезең-кезеңімен 2025 жылға дейін жүзеге асырылады.