Кітапханамыздың «Famous Books» әлем әдебиетін сүйіп оқушылар клубында шотланд және ағылшын жазушысы Артур Конан Дойл 165 жылдығына арналған «Мастер детектива» атты әдеби қонақжай өтті.

Шараға №97 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Жүргізуші Нұрмағамбетова Әлия Мешітбаевна жазушының өмірбаянынан қысқаша деректермен таныстырды. Кітапханашы Беглен Гүлсара Қыдырбаевна Артур Конан Дойлдың шығармаларынан тұратын кітап көрмесіне шолу жасады. Кітапханашы  Нұрмағамбетова Әлия Мешітбаевна «Ватерлоо», «Ангелы Тьмы», «Огни судьбы», «Пёстрая лента» пьесалары, «Песни действия» және «Песни дороги» баллада жинағы, өлеңдері, «Записки Старка Монро», «Загадка Старка Монро» шығармалары туралы айтып, атақты «Доктор Ватсон» шығармасына ерекше тоқталды. Қатысушылар өздері оқыған шығармаларынан: Соня Аншакова «Собака Баскервилей», Камила Адамова «Затерянный мир» алған әсерлерімен бөлісті.