23 шілде күні Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде Дүниежүзілік кит және дельфиндер күніне арналған «Олар теңізіндегі кемелер сияқты» атты танымдық квест өтті. Іс-шараға Қарағанды қаласының облыстық туберкулезге қарсы балалар шипажайының балалары қатысты. Балалар теңіз оқиғалары атмосферасына батуы үшін кітапханашылар кітапхананың интерьерін теңіз тақырыптағы суреттермен, балық, киттер мен дельфиндердің фигураларымен безендірді.

Іс-шараны ашқан жүргізуші балаларды мерекемен құттықтады. Ол балаларды киттер мен дельфиндер күнінің тарихымен таныстырды.

Одан әрі «Дельфинята» және «Киты» екі командаға бөлінген балалар көрсеткіш бойынша бағдарланып, берілген бағыт бойынша өтті.

Квест өту барысында балалар станциялар бойынша кезекпен қозғалып, әр түрлі тапсырмаларды (белсенді, логикалық, іздеу) шеше отырып, тапқырлық, зейінділік және зеректілік көрсетті.

Барлық тапсырмалар кітаптармен, кітапханамен және теңіз тұрғындарымен байланысты болды.

Пункттердің біріншісі «Играйка аралы» (абонемент) станциясында орналасқан. Мұнда балаларға Кариб теңізінің қарақшыларынан хат оқылды: кітапхана сөрелерінен «Мұхиттың су асты әлемі» тақырыбы бойынша кітаптар табу тапсырмасы берілді. Тапсырманы шешуге тырысып балалар үлкен қызығушылықпен сөрелерден кітаптарды іздеді.

Осы «Аралда» танымдық эко-әңгіме барысында балалар теңіз тереңдігінің сүйкімді тұрғындары - кит және дельфиндердің өмірінен көптеген қызықты фактілер білді. Олар «Дельфин тарихы» көне мифін тыңдап, кезекпен Б. Заходердің «Кит и Кот» атты көңілді өлеңін оқыды.

Осы ғажайып жануарлар туралы білім алған балалар «Море волнуется - раз!» ойынын ойнады. Балаларға теңіз жануарларын бейнелеу тапсырмалары берілді. Ал капитан балалар бейнелеген жануарларын табуы керек болды. Балалар балықтар, медузалар, осьминогтар және крабтарды көрсетті. Ойын ойдағыдай өтті.

«Қазына аралы» атты екінші станцияда (оқу залы) балалар автор Татьяна Домареноктың «Мальчик и Дельфин» ертегісін және автор Ирис Ревюдің «Поющий кит» ертегісін дауыстап оқыды. №10 ЖББОМ 4 сынып оқушысы Алина Калижан М. Лукашкиннің «Стать бы китом...» өлеңін оқыды. Балаларға теңіз тұрғындары туралы ертегілер мен танымдық әңгімелер өте ұнады. Оқылған ертегілер мен өлеңдерге сүйемелдеу ретінде «Теңіз тереңдігінің сырлары» (Дельфиндердің сиқырлы әлемі) бейнеролигі және «Осы таңғажайып жануарлар» атты таныстырылым ұсынылды.  Балаларға теңіздің соқпа толқынының дыбысы, сондай-ақ дельфиндер мен киттердің үндері қойылды. Балалар бұл дыбыстарды айтуға және есте сақтауға тырысты.

«Кішкентай кітап сүйгіштердің архипелагы» (шығармашылық бұрышы) атты үшінші станцияда жасырылған қазына табу керек болды.

Квесттің соңғы тапсырмасында экологиялық тақырыптағы плакаттарға түсініктеме беру керек болды. Мысалы: «Теңізде қоқыс шашпаймыз», «Қызыл кітапқа теңіз тереңдігінің мекендеушілерін жазу», «Теңізде қоршауды жасауға болады» және т. б. Ойын нәтижесінде балалар мынадай қорытынды жасады: теңіз жануарлары өліп қалмауы үшін бүкіл жер тұрғындары оларды қорғауға міндетті.

 «Дельфинята» және «Киты» командалары квест сынақтарын сәтті орындады. Бұл көңілді және әсерлі ойында жеңілгендер болған жоқ. Балалар барлық станциялар өткен соң, жүргізуші балаларды оқу залына «Көгілдір кит» қағаздан қолөнер жасау бойынша мастер-класқа қатысуға шақырды.

Квест «Олар теңіздегі кемелер сияқты» атты кітап көрмесіне шолумен аяқталды. Көрмеге теңіз тереңдігінің тұрғындары туралы энциклопедиялар мен шығармалар қойылды. Дәстүр бойынша, квест қатысушылары балаларға арналған кітаптарды сыйға алды.