21 шілде күні Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға және жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері «Ровесник» балалар мен жасөспірімдер клубының шақыруы бойынша Қарағанды қаласының 85 жылдығына арналған «Мен тұратын аула» фестиваліне белсене қатысты.

Біздің қызметкерлеріміз «Кітап әлемі» атты көрме ұйымдастырды, онда жастарға бағытталған әртүрлі әдебиеттер ұсынылды. Мұнда жасөспірімдер біздің тамаша қаламыз туралы баяндайтын әдебиетпен, қазақ және шетелдік классиканың үздік туындыларымен, сондай-ақ әртүрлі тарихи дәуірлер мен жерлерге қызықты және фантастикалық саяхатқа баруға мүмкіндік беретін кітаптармен танысты.

Бұл күні аула алаңы мерекелік шарлармен, жалаушалармен безендірілді. Фестиваль барысында балаларға арналған «Көңілді старттар», суреттер байқауы, оригами бойынша мастер-класс өтті.

Сонымен қатар мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Оған «Нұр-Би» хореографиялық ансамблі, «Ровесник», «Нұр-Би» балалар-жасөспірімдер клубы, «Меруерт» вокалдық тобы қатысты. «Туған жер» балалар-жасөспірімдер клубының нұсқаушы-әдіскері Тәжібеков Әсет Хасенұлының орындауында «Қазақ тойы» әні шырқалды.

Мерекеге жақын ауланың тұрғындары қатысты. Барлық балаларға белсенді қатысқаны үшін балмұздақ таратылды.