16 шілде күні Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде жас оқырмандар үшін «Жаңалық жаршысы» - «Новости обо всем на свете» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Балалар тамаша безендірілген мерзімді басылымдар әлеміне саяхат жасады. Олар мерзімді басылымдардың не екенін білді, сондай-ақ балаларға арналған дамытушы, танымдық және ойын-сауық мерзімдік басылымдармен танысты.

Жас оқырмандар назарына газеттің қалай шығарылатыны көрсетілетін «Смешарики» мультфильмінің «Последняя радуга» атты сериясы ұсынылды.

Кітапханашы балаларға «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «А почему?», «АБВГД», «Лунтик», «Дружные ребята», «Ұлан» журналдары мен газеттері туралы әңгімеледі. Жас оқырмандар осы басылымдарда қандай қызықты және әр түрлі тақырыптардың бар екенін білді. Балалар кітапханашымен бірге өлеңдер оқыды, жұмбақтар, журналдар мен газеттерден ребустар шешті.

Кітапханашы «Айгөлек» журналында басылған қазақ жазушысы Б. Майлиннің туғанына 125 жыл толуына арналған мақалаға балалардың назарын аударды. Ал балалар, өз кезегінде, балалардың жазған жазбалары туралы әсерлерімен бөлісті. Жалпы пікір айтылды: газеттер мен журналдарға жазбалар жазу өте керемет! Болашақта бұл журналист мамандығын меңгеруге көмектеседі.