10 шілде күні балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақта болды. Кездесуге ұлы орыс ақыны А. С. Пушкиннің 220 жылдығына арналған «Кітап білім бұлағы» атты дауыстап оқулар шарасының  өткізілуі себеп болды.

Іс-шара А. С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беретін «Волшебник слова» таныстырылымымен ашылды. Балалар кітапханашының әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Дауыстап оқулар барысында балалар мерейгер - жазушының «Сказка о золотом петушке», «Сказка о мертвой царевне и семи богатырях» ертегілерінен үзінділер, сондай-ақ А.С.Пушкиннің өлеңдерін оқыды. Одан кейін балалар «Жила была сказка….» атты кітапханашы Г. Р. Жакупова дайындаған тақырыптық кітап көрмесімен танысты.

Іс-шара соңында оқылған ертегілер мен өлеңдер талқыланды: балалар түрлі-түсті иллюстрацияларды үлкен қызығушылықпен қарап, А. С. Пушкиннің қай ертегілерін ұнататынын, қандай кейіпкерлердің ұнамды керісінше, қай кейіпкерлердің жағымсыз эмоциялар туындататыны туралы әңгімеледі. Әр бала кітаппен қарым-қатынастың бақытты сәттерін ұзартқысы келді. Шығармамен танысудың мұндай түрі - дауыстап оқулар - мәнерлі және мағыналы оқу дағдыларын жетілдіруге, оқылған мәтінді тыңдай білуге және талдауға мүмкіндік береді, дыбысталатын сөздің көркемдігін көрсетеді. Дауыстап оқу - бұл қарым-қатынас құру, өз ойлары мен эмоцияларын басқа адамға беру мүмкіндігі.

Осындай кездесулерді өткізу жақсы дәстүрге айналды.