4 шілде күні Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан күні қарсаңында Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде № 44 ЖББОМ «Непоседы» мектеп жанындағы лагерь балалары үшін «Ару қала - Нұр – Сұлтан» - «Красивый город – Нур - Султан» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылып, әңгіме өткізілді.

Іс-шара барысында балаларға Хан Шатыр сауда - ойын-сауық орталығы, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Бәйтерек» монументі сияқты қаланың көрікті жерлерін көрсететін «Туған күніңмен, Нұр - Сұлтан!» аттты бейне-слайдтар көрсетілді.

Балалар Бәйтерек - жас қаладан биік көтерілген, жаңартудың архитектуралық нышаны, елорданың, Қазақстанның символы болып табылатын қазақстандықтардың өміріндегі жаңа кезеңнің символы екенін білді.

Кітапханашылар балаларды Астананың құрылу тарихымен таныстырып, оның қарапайым қаладан республикамыздың үлкен мегаполисіне дейін қалыптасуы туралы әңгімеледі.

Сұрақтарға берілген жауаптардан балалардың бұл қаланы білетіні және жақсы көретіні көрініп тұрды. Балаларға «Менің Отаным – Қазақстан» атты жарқын иллюстрациялық кітап өте ұнады.

Мерекелік іс – шара бағдарламасы барысында балалар «Қазақстан – алтын бесігім» атты сұрақ-жауап сайысына үлкен қызығушылықпен қатысты.

Іс – шараның соңында балалар түрлі-түсті балалар журналдарын қарап шықты.