24 мамырда Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Көкжиек» мемлекетаралық жобасының шеңберінде «Әлеуметтік әріптестік кітапхананы дамытудың қазіргі заманғы бағыты ретінде» атты облыс кітапханашылары үшін кәсіби семинар өткізді.
Қазіргі жағдайда серіктестік қарым-қатынас құру кітапханаларға социумда сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді.
Семинарда қозғалған мәселелер: қоғамдағы кітапханалардың рөлін арттыру, әлеуметтік әріптестікті жолға қою бойынша тәжірибе алмасу, қызметтің оң жақтары мен проблемалық мәселелерді анықтау.
Семинарға қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөзбен Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Қаленова Нұргүл Қасымханқызы шықты. Содан кейін кітапхана басшысы «Кітапхана қызметіндегі әлеуметтік әріптестік» баяндамасымен сөз сөйледі.
Семинар бағдарламасы ауқымды болды. Оның жұмысына Нұр-Сұлтан қаласының ОКЖ-ның қызметкерелері қатысты. Мадибаева Гульбадан Сактаповна, Нұр-Сұлтан қаласының Орталықтандырылған кітахана жүйесінің директоры «Жаңа мүмкіндіктер драйверлері - ақпараттық қоғамдағы кітапханалардың ынтымақтастығы, серіктестігі» баяндамасымен сөз сөйледі. Жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, кітапхананы дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Оразбаева Сәуле Ғабдышқызы жиналған кітапханашыларды жобамен таныстырды. Bookdating жобасы бірнеше ұйымдардың әлеуметтік өзара әрекеттесудің үлгісі болып табылады. Жобаның мәні - қалада танымал адамдар: журналистер, жүргізушілер, жазушылар, ақындар, спикерлер ретінде кітаптарды талқылау үшін алаңға шақырылады. Олар өздеріне табысты болуға көмектескен үш сүйікті кітаптары туралы әңгімелейді. Әрине, кітапқа деген сүйіспеншілік пен білімге ынтасы табысқа жетуіне көмектескен адамдарды тыңдайтын жастар кітап пен кітапхана туралы белгілі бір тұжырымдар жасайды деген сенімдеміз.
«Өлкетану біріктіреді» баяндамасымен - «Н. К. Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және оның серіктестері» Н.К.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану бөлімінің меңгерушісі (Орынбор қ., Ресей) Утевалиева Айгуль Айткалиевна on-line тәртібінде сөз сөйледі.
Келесі on-line әңгімелесу Волгоград облыстық жастар кітапханасымен (Волгоград қ., Ресей) өтті. Халыпенко Елена Борисовна, көркем әдебиет және өнер бойынша әдебиет бөлімінің меңгерушісі, өзінің «Әлеуметтік серіктестікті дамыту Волгоград облыстық жастар кітапханасы қызметінің бір бағыты ретінде» атты баяндамасында әлеуметтік әріптестіктің тақырыбын жан-жақты ашты. Сөз сөйлеудің соңында, Ресейден келген әріптестерге көптеген сұрақтар қойылды, әріптестер толық, мазмұнды жауаптар берді.
Сондай–ақ, семинар жұмысы аясында БАҚ-пен сұхбат алаңы - 5 арна телеарнасымен өтті, онда телеарнаның тілшісі Лариса Валерьевна Гребенникова сұхбаттасып, бүкіл облыстан семинарға келген кітапханашылардың сұрақтарына жауап берді. Теледидардың көмегімен қоғамдық пікірді қалыптастыруға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ықпал ету процесі белсенді жүзеге асырылады. Осы тұрғыда жаңартпашылық-әдістемелік бөлімнің басшысы Алдонғарова Гүлнар Мұхтарқызы телеарнаға жастар арасында оқуды ілгерілету бойынша бірлескен жобаны әзірлеуді ұсынды.
«Печа-куча» түрінде облыстың орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары таныстырылымдарымен сөз сөйледі: Қарағанды - Ғабдолла Таңшолпан, Теміртау - Еркін Таңсәуле және Балқаш - Әлімжан Толқынай. Жас креативті кітапханашылардың сөз сөйлеулері әріптестеріне өте ұнады, олар жастарға кітапхана мамандығына орнығып, өз ісінің нағыз кәсіпқойы болуға тілек білдірді.
Семинар барысында Кеңес Одағының Батырлары Нұркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдығына орай «Батылдық-Мужество» Жобасының аясында өткізілген «О героях былых времен…» атты республикалық жастар байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Іс-шара соңында ашық трибунаға уақыт бөлінді, оның барысында қатысушылар өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойды, жоспарлар айтып, әсерлерімен бөлісті.
Басқа облыстардан және жақын шетелдерден әріптестер қатысқан семинар әлеуметтік әріптестіктің теориялық және практикалық аспектілерін түсінуге көмектесті деп үміттенеміз.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/728-24-mamyr-2019#sigFreeId4c289a04b5