8 мамыр күні, Ұлы мереке – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74-жылдығының қарсаңында Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Құлыншақ» балалар үйінде «Ұлы Жеңіс беттерінен» - «Страницы Великой Победы»атты дауыстап оқулар өткізді.

Іс-шараны аша отырып, балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Аширова Алтынай Рамазанқызы балаларға естелік күні туралы, біздің бақытты өміріміз үшін өз өмірлерін аямай бейбітшілікті сақтағандардың алдындағы біздің борышымыз туралы айтып берді.

Жүргізуші С. Баруздиннің «Шел по улице солдат» және С. Алексеевтің «Рассказы о войне» кітаптарынан үзінділер оқыды.  Майдан оқиғаларын Лев Кассиль «Улица младшего сына» кітабында сипаттап берді, балалар осы кітаптан да үзінділерді тыңдады. Станислав Вохринцевтің «О войне» кітабы балаларды өлеңдермен және олардың әсем суреттерімен қызықтырды. Балалар шығармадан үзінділерді оқып, алған әсерлерімен бөлісті.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері Сиралинов Руслан мен Коваль Стас соғыс туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Содан кейін балалар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Іс-шара соңында балаларға бөлім қорында бар соғыс туралы балалар әдебиетінің шығармаларына шолу жасалды.