4 мамыр күні Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер жүрек Отан қорғаушылар» - «Достойные защитники Родины» атты ерлік сағаты өткізілді. Іс-шараға №58 ЖББОМ оқушылары қатысты.

Балаларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ж. М. Зарубекова тарихи экскурс өткізді, оның барысында өткен ғасырдың батырлары, қазіргі заманның қаһармандары туралы айтылды. Отан қорғаушылар күні мен келе жатқан Жеңіс күніне орай оқушыларға қазақ жерінің ұлы жауынгерлерін тағы да еске алу ұсынылды.

Іс-шарада қазақстандық әскерге арналған «День защитника Отечества» атты таныстырылым және «Егеменді ел қорғаны - Қарулы күштер» атты бейнеролик көрсетілді. 

Балалар Қазақстан, жауынгерлері туралы өлеңдер оқыды, «Жұмбақты шеш» және «Мақал құрастыр» атты әскери тақырыптағы сайыстарға қатысты.

Іс - шараның соңында балалар «Отанының сенімді қорғаушылары» атты тақырыптық сөреге шолу жасады, сондай - ақ «Жүректен жүрекке» блиц-сұрауына қатысып, «Өз елінің нағыз патриоты болу үшін не істеу керек?», «Нағыз патриот дегеніміз...» деген сұрақтарға жауап берді.  Оқушылардың жауаптары кітапхана қызметкерлерін қуантты. «Патриот» сөзін балалар өз жауаптарында батылдық, төзімділік, Отанға деген сүйіспеншілік, қорғаушы және үлкен әріппен жазылатын адам деген сөздермен байланыстырды.