3 мамыр күні Ұлы мереке қарсаңында Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Ұлы Жеңіс беттерінен» - «Страницы Великой Победы» атты тарихи - патриоттық кеш өтті.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған іс-шара «Вставай, страна огромная» ұран әнінен басталды. Оқу залының кітапханашысы Г. Р. Жакупова балаларға Ұлы Отан соғысы кезіндегі халқымыздың ерлігі туралы әңгімеледі.  Содан кейін № 97 гимназияның 5 "А" сынып оқушылары Жақан Даяна мен Лагай Алан соғыс туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

Кешке сол қайғылы жылдардың куәгері, тыл еңбеккері Салия Сабировна Ульянова шақырылды. Ол өз естеліктерімен бөлісті.

Соғыс басталғанда Салия 11 жаста ғана болған, ол өзінің балалық шақтарын санитар көмекшісі болып жұмыс істеген госпитальда өткізді. Ол адамдардың өмірге қайта оралуына көмектесті, жараланған сарбаздардың өтініші бойынша туған-туыстарына хат жазды, бірде-бір минут іссіз отырған жоқ. «Барлығы майдан үшін! Барлығы жеңіс үшін!» Жеңіс үшін жанкешті еңбекке шақырған бұл ұран барлықтарын: қарттарды, әйелдерді, балаларды біріктірді.

Соғыс аяқталғаннан кейін 1945 жылы Салия Сабировна Петропавл қаласының фельдшерлік мектебіне түсіп, оны 1948 жылы сәтті бітірді.  1961 жылдан 1996 жылға дейін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында аға медбике болып жұмыс істеп, Қарағанды қаласында еңбек жолын жалғастырды. Тыл еңбеккерімен сөйлескен соң, біз бір нәрсені түсіндік: Салия Сабировна  аштық, соғыс жылдарында аман қалып, жанының жастығын, күш-жігерін және өмірге деген сүйіспеншілік сезімін сақтай алды. Біздің борышымыз - соғыс батырлары туралы жас ұрпаққа айту, біздің бостандығымызды сақтап қалған тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету.

Шара соңында балаларға «Ұлы Жеңіс беттерінен» - «Страницы великой Победы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.