Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақ ССР кәсіптік техникалық білім беру жүйесінің үздігі, сазгер Бақытқали Мұсабеков «Жасампаз елдің жігерлі жастары» жобасы аясында «Сегіз қырлы бір сырлы»: тұлға қалыптастыру тренингін өткізді.

Тренингке Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, ақын Салтанат Смағұлова, аталған оқу орнының және Қарағанды медициналық университетінің студенттері қатысты. Шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы лидердің жасампаз идеялары мен бастамаларын насихаттау арқылы азаматтардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал ету. Аталмыш тренинг қызметкерлерді де, студенттерді де ерекше жігерлендірді.