31 наурызда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде №№ 92, 97 гимназияларының 2-5 сынып оқушылары үшін жазушы-ертегіші П. П. Бажовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Мастер, мудрец, сказочник» - «Шебер, дана ертегілері» тақырыбымен ертегі сағаты өтті.

Жүргізуші - оқу залының кітапханашысы Гүлімжан Рымханқызы Жақыпова балаларды Павел Петрович Бажовтың өмірбаянымен және жазушылық қызметімен таныстырды. Бажов туралы оның «ерекше уақыттағы ерекше өмірбаяны» болды деп айтуға болады, - атап өтті жүргізуші. Ол сөз шебері болды. Павел Петрович өз ертегілері арқылы әлемге Орал аңыздарын, оралдық мінездерді, орал тілін ашты. Оның ертегілерінде оралдық шеберлердің: қырлаушылар, бәдізшілер, алтын іздеушілердің өмірі мен жұмысы көрсетіледі.

Оқу залында автордың кітаптары ұсынылған «Мастер, мудрец, сказочник» - «Шебер, данышпан,  ертегіші» атты тақырыптық сөре безендірілді. Оның ең танымал ертегілерінің бірі «Тас гүлі» және «Малахит қобдиша» болды.  Бұл шығармаларда тау-кен әлемі өкілдерінің шеберлігі арқылы адамның табиғатпен және өмір негіздерімен байланысы көрсетіледі. Ертегілерде батыл ой,  шебер қолдар мен шеберлік жырланады.

Шығармалардың сүйікті жолдарын еске ала отырып, балалар сұрақ-жауап сайысының сұрақтарына жауап беріп, «ертегілер кейіпкерлерінің портреттерін» қызыға қарап, жазушының ертегілері бойынша кейіпкерлерді суреттеді.

Өткізілген ертегі сағаты балаларға Павел Петрович Бажовтың шығармашылығымен танысуға және ертегілер, мейірімділік, еңбек және өнер әлеміне саяхат жасауға көмектесті.