Наурыздағы мектеп оқушыларының демалыстары кезеңінде  Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімі жас оқырмандарын «Балалар кітабы апталығына»  шақырды.

Балалар кітабы апталығын өткізу идеясы 1943 жылы Ұлы Отан соғысы  жылдары балалар жазушысы Лев Кассильмен ұсынылды. Жазушы бұл аптаға «Кітапшаның туған күні» деп керемет ат қойыпты.  Балалар кітабы апталығы - кітапханаға барғанына қарамастан, кітап оқитын барлық балалардың мерекесі, балалық шақ мерекесі, жазушылар, баспагерлер мен кітапханашыларға арналған мереке. Шын мәнінде, кітапқа деген сүйіспеншілік  балалар мен ересектердің мерекесі, көңілді оқиғалар, жаңа әдеби жаңалықтар, қызықты адамдармен кездесулер мерекесі.

26 наурызда «Кітап білім көзі» атты балалар кітабы апталығының ашылуы өтті. «Кітап патшайымы» мен ертегі кейіпкері «Незнайка» балаларды қонақжайлықпен және қуаныш көңіл-күймен қарсы алды. Ертегі кейіпкерлерімен бірге балалар «Если с другом вышел в путь» әнін орындады. Іс-шараға №92 гимназияның 6«А» сынып оқушылары қатысты.

Аптаның бірінші күні түрлі байқаулар мен сұрақ-жауап сайыстарына толы болды. «Ертегі кейіпкерлерін тап» атты сұрақ-жауап сайысы өтті, балалар өздерінің ертегілерді жақсы білетіндіктерін көрсетті.  

Содан кейін оқушылар «2019 жылғы мерейгерлер кітаптарының галереясы» атты таныстырылымды үлкен қызығушылықпен тамашалады. Балаларға бүгінгі күні оқитын көптеген кітаптар жүз, үш жүз жыл бұрын жазылғанын білу өте қызықты болды.  Кітапханашылар балаларға барлық ұсынылған кітаптар кітапхана қорында бар екенін және олардың кез-келгенін абонемент бөлімінен  алып оқуға болатынын айтты.

Балалар «Смайлик бойынша ертегіні тап!» атты таныстырылым бойынша өте жақсы білімдерін көрсетті. Олар ертегі кейіпкері «Незнайкаға»,  «Кітап патшайымы» дайындаған сұрақтарға жауап беруге көмектесті. 

«Кітап білім  бұлағы» - «Книга источник знаний» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Балалар көрмеден әдемі безендірілген суретті кітаптарды алып қарап, жарыса талқылап, әсерлерімен бөлісті.

Іс-шара соңында балалар «Кітап патшайымы» және  Незнайкамен бірге ойынды өткізді. 

Оқушылар Балалар кітабы апталығының ашылуына сыйлықпен – кітаппен келіп,  кітапханашылар үшін шағын тосынсый дайындады. Кітапханашылар балаларға алғыстарын білдіріп, наурыз айының соңына дейін өткізілетін кітап апталығының іс-шараларына қатысуға шақырды.