5 наурыз күні, Аналар  мерекесі қарсаңында кітапхананың балаларға қызмет көрсету бөлімінде "Өзі ана - өзі дана" атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Іс-шараға №45 ЖББМ 4 "А" сынып оқушылары қатысты.

Кітап көрмесі екі бөлімнен құрылды. Бірінші бөлім  "Сен білесің бе?" сериясының кітаптарын ұсынды, бұл кітаптарда өз өнерімен Қазақстанды паш еткен көрнекті әйелдер туралы айтылады. Оқушылар Күләш Байсейітова, Шара Жиенқұлова, Роза Бағланова және т.б. туралы үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Кітапханашылар  балаларға қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарын көрсетіп, онда барлығымыз үшін ең қымбатты адам - ана туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер мен әңгімелер жарияланатынын айтты.

"Анамен бірге оқимыз" атты екінші бөлімде "Жақсы мінез-құлық" сериясынан балаларға арналған кітаптар ұсынылды.

Шолу кезінде "Шаг навстречу" ойыны өткізілді, оның барысында ұл балалар  қыздарға жақсы сөздер айтты. Әрине, бұл мереке арнайы сыйлық жасауға, аналарын, апа-қарындастарын, әжелерін, сыныптастарын, ұстаздарын тосын сыймен таңқалдыруға арналған.

Осы көктемгі мереке күні біздің туған – туыстарымыз үшін көңіл, қамқорлық және махаббат барлық сыйлықтардан қымбат екендігін есте сақтауымыз керек.