2019 жылғы 15 ақпанда Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде Қарағанды қаласының 85-жылдығына орай «Сарыарқаның жазықтары» - «Бескрайние просторы Сары – Арки»  атты әңгіме өткізілді. Іс-шараға № 101 мектеп - лицейінің 7 "А" сынып оқушылары қатысты.

Біздің қаламыздың күні жыл сайын 10 ақпан күні атап өтіледі. Бұл күні Қарағанды қаласында ардагерлер, еңбек сіңірген шеберлер, қаланың құрметті азаматтары – өзінің адал еңбегімен, жоғары кәсібилігімен туған Қарағанды қаласының гүлденуіне өз үлестерін қосқан барлық азаматтар құрметтеледі.

Жүргізуші, оқу залының кітапханашысы Жақыпова Гүлімжан Рымханқызы оқушыларға «Кеншілер мекені - Қарағандым» - «Шахтерский город наш -  Караганда» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Соңғы жылдар ішінде Қарағандының келбеті өзгерді. Қазіргі заманғы архитектуралық ансамбльдер, кең даңғылдар мен көп қабатты ғимараттар, жасыл саябақтар мен скверлер, театрлар, мұражайлар көз қуантады.

Іс-шараға қонақ ретінде өлкетанушы, білім бойынша заңгер, Азбанбаев Марат Ақторғайұлы шақырылды.

Балалар Марат Ақторғайұлының қаланың қалыптасуы, Қарағанды қалай өсіп, жаңарып, әдемі ғимараттар тұрғызылып,  ауруханалар, мектептер, балабақшалар мен мәдениет мекемелері салынғаны туралы әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады.  Осының бәрі әр түрлі кәсіптегі, әр түрлі жастағы, әр түрлі әуестенетін адамдар. Марат Ақторғайұлы зерттеу жұмыстарымен айналысады. Осы кездесуде ол балаларды «Менің Қазақстаным – Жұмекен» авторлық кітабымен таныстырды. Кітапта «Менің Қазақстаным» әнінің және өлең авторы ақын Жұмекен Нәжімеденовтің тағдырының тарихы зерттеледі, ол 1955 жылы Атырау облысынан Қарағанды қаласына келген жас жігіт «Сталинкөмір» трестінің №33-34 шахтасына түсіп, № 4 учаске комбайнерінің көмекшісі ретінде алдыңғы қатарлы кеншілермен бірге ел үшін көмір өңдірді.

Содан кейін Марат Ақторғайұлы балаларды жерлестеріміз Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» және Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» шығармаларын оқуға шақырды. «Егер сіздердің ішінде бұл кітаптарды оқымағандар болса, онда кітапханадан алып, міндетті түрде оқыңыздар, өйткені олар қаламыздың, өлкеміздің құрылуы тарихы туралы баяндайды», - деді Марат Ақторғайұлы. Сонымен қатар, кітаппен танысу - бұл әрқашан қызықты!