Тірі қалғандарға – марапат.  Құрбандарға мәңгілік тағзым! Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 7 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай  ұйымдастырылған «Ауғанстан: ХХ ғасырдың қаһармандығы мен қасіреті» атты ұрпақтар кездесуінің желісі осындай болды.

Іс-шара патриоттық тәрбие беру, азаматтылықты қалыптастыру, белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру, өскелең ұрпақ арасында естелік дәстүрлерді сақтау мақсатында Жастар жылы аясында өткізілді.

9 жыл және 51 күн қарапайым жігіттер интернационалдық борышын орындаған Ауған жерінен Кеңес әскерлері кеткеннен бері 30 жыл өтті. Бұл соғыс көптеген отандастарымызға, олардың отбасыларына, жақындарына, жолдастарына қатысты болды.

22 296 қазақстандық осы соғысқа қатысып, 928-і қаза тапты, 21-і әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткен, мыңдаған бала мүгедек болып оралды.

Біздің еліміз өз азаматтарын еске алады, құрметтейді. Іс-шараны жүргізушілер Н. Шмойлова мен А. Сұлтанова соғыстан оралмағандарды еске алу құрметіне майшамдар жағып, залда  бір минут үнсіздік орнады.

Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Қаленова Нұргүл Қасымханқызы құттықтау сөзбен шығып, бейбітшілік пен ашық аспан тіледі.

Біздің қонақтар - интернационалист-жауынгерлер, Қарағанды қаласының «Ардагер» Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері Одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Сахнов Сергей Александрович, Байкенов Амангелді Мұратұлы және Тоқтабеков Серғали жастармен -  ҚарМУ-нің студенттерімен, «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелерімен, кітапхана оқырмандары мен қызметкерлерімен  өздерінің ауыр, бірақ өте қымбат естеліктерімен бөлісті.

Жастардың көптеген сұрақтарына жауап бере отырып, жауынгерлер Ауғанстанның шатқалына 30 жыл бұрынғы оқиғаны қайта бастан кешіп, ойша қайтып оралды. Өз естеліктерінде олар әскери өмірдің егжей-тегжейін қозғап, қатысушылардың жүрегінде өшпес із қалдырды.

- Жарақаттануларды айтар болсақ – «Жиі немесе аяқ асты кездесетін миналардан қорғану үшін арнайы табаны ғана бар, жеңіл кроссовкалар кигізетін. Өйткені тізеге дейінгі берц етіктерінің ауырлығына байланысты жеңіл аяқ  киім киюге тура келетін».

- Оңалту туралы – «анам мені қалпына келтірді - бақшада шалаш салған, онда мен жаз бойы болдым, өйткені жарық күнге қарап тұра алмадым», ал жабық кеңістіктегі үйде үнемі шошынып, селк ете түстім...».

- Отаншылдық туралы – «біз соғыстан кейінгі кезеңдегі Ұлы Отан соғысы туралы ерлік фильмдерде тәрбиеленген балалармыз, Кеңес Армиясына қызмет етуге қуана шықтық – ал интернационалдық борышын орындау біз үшін құрметті құқық болды. Қандай да бір себептермен жіберілмеген балалар бізге қызғанып, тіпті жылап қоятын...».

- Мемлекет пен азаматтардың көзқарастары туралы – «Мен Ауғанстаннан институтқа оралғанда, кафедра меңгерушісі мені аман-сау көргеніне, жылап жіберді. Ол маған: «Демал, қалпына кел, ешнәрсені уайымдама, институтқа күзде кел», - деп айтты. Мен сессияны жаппай, Ауғанстанға қызмет етуге кетіп қалдым ғой». «Мемлекет шипажайларға жіберді, пәтер берді, бірақ әлі күнге дейін ардагердің мәртебесі туралы мәселе ашық тұр. Олар соғысқа сіздерді біз емес, Кеңес Одағы жіберді деп жауап береді...».

- Өзара көмек туралы –«фронт ұғымын біз фильмдерден түсіндік -майдан шебі - алда жау - тыл артта. Ауғанстанда барлығы басқаша болды – біз шеңберде болдық - айналамызда жау болды, ал арқамызды жолдастарымыз тіреп тұрды…».

Кездесуге Мария Дмитриевна Фатеева қатысты, ол өзі сияқты әйелдерді біріктіріп, солдат аналар кеңесін басқарды, көп жылдар бойы қоғамдық қызметпен белсенді айналысады. Ол аналардың өздерінің соғыста қызмет еткен балаларына жазған бірнеше хаттарын оқып шықты. Мария Дмитриевна кітапханаға «9 мая: Память о Великой Победе» атты кітаптың бірнеше данасын сыйға тартты. Кітапта Ұлы Отан соғысына қатысушылардың тағдыры, ұлы адамдар мен қолбасшылар туралы айтылады. Шараның тағы бір қонағы, ақын, Қазақстан Республикасындағы «Бітімгерлер  Достастығы» қоғамдық қайырымдылық қорының мүшесі Воробьева Ирина Анатольевна осындай кездесулердің маңыздылығы туралы айтып, «Қаза болған сарбаздарға» атты авторлық өлеңін оқыды. Банк колледжінің 1-курс студенті Алшымбеков Нұрханның орындауындағы «Жауынгер хаты - Письмо воина» атты өлеңі қатысушылардың жүрегін тебірентті. Кездесудің  қонақтары мен қатысушылары жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі безендірген «Ауғанстан... Мәңгілікке айналған күндер» атты  кітап көрмесін тамашалады.

Кездесуге қатысушылардың назарларына Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік әртістерінің өнерлері ұсынылды.  Олар барлықтарға таныс «Молитва», «Офицеры», «Афганский вальс» және тағы басқа әндерді орындады. Плазмалық экранда деректі фильмдердің кадрлары, А. Розенбаумның «Монолог пилота черного тюльпана», «Караван» атты әндеріне қойылған бейнеклиптер көрсетілді, Эннио Морриконенің «Плач ветра», Томазо Альбинонидің «Адажио» атты шығармалары қойылды.   «Солдаттың анасы» әніне қойылған бейнеклипті белгілі мәдениет қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, композитор, халықаралық байқаулардың  лауреаты, көптеген әндер мен өлеңдердің авторы Мельникова Людмила Евгеньевна ұсынды. Сонымен қатар ол кітапханаға кітаптар, жинақтар және бірнеше музыкалық диск сыйға тартты.

Залда жан-жақты, маңызды диалогқа ашық көңіл-күй орнады. Кездесу барлық қатысушылар үшін ұмытылмас әсер қалдырды. Іс-шара соңында әр қонаққа ақындық жинақ табыс етілді.