«Маржан» гуманитарлық лекторийінің аясында 2019 жылғы 30 қаңтарда Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінде Қарағанды қаласының 85-жылдығына арналған «Сүйікті көшелер атаулары» атты өлкетану дилижансы өткізілді.

Біздің қала керемет. Қаланың өткен жылдардағы тұрғындары, сондай-ақ біздің замандастарымыз да қаламыздың қалыптасуына үлкен үлес қосты. Әрбір қаланың, адам сияқты, өзінің есімі, өмірбаяны, мінезі болады.  «Виртуалды саяхат» біздің қаламыздың тарихына, тағдыры біздің өлкемізбен байланысты болған жерлестер мен тұлғаларға арналған: Қарағанды көмірін алғашқы ашушы Аппақ Байжанов, қазақ жазушысы Саттар Ерубаев, Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров. Биыл біздің даңқты жерлестеріміздің мерейтойлық күндері аталып өтіледі. Іс-шараға қатысушылар қаланың көркейтілген көшелері мен даңғылдарына саяхат жасай отырып, тек қала тарихында ғана емес, сондай-ақ жалпы ел тарихында жарқын із қалдырған батырларымыздың өмірбаянымен және қызметімен танысты.

Іс-шараның жүргізушісі – жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінің жетекшісі Н.Ф. Шмойлова «Атамекен» мультимедиялық құралын, «Менің Қарағандым» слайд-шоуын пайдалана отырып, балаларды қаламыздың тарихымен, деректі материалдармен, өңірдің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан танымал адамдармен таныстырды, жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің кітаптарын ұсынды.

«Виртуалды саяхаттың» соңында студенттерге «Қарағанды ескерткіштері» бейнефотоэкскурсі ұсынылды - балалар біздің қаланың ескерткіштерінің орналасқан жерін, олардың атауларын анықтап, мүсіндер мен ескерткіштерді жасаған авторлар туралы ақпаратты тыңдады.

Жыл сайын Қарағанды көшелері бойынша виртуалды танымдық саяхат жасайтын «Өлкетану дилижансы» қала жастарының үлкен қызығушылығын тудырады.