11 маусымда «ЭкоРазум» жастар экологиялық-ағартушылық бірлестігінің мүшелері табиғат қорғайтын қарағандылықтар тобының құрамында ағаш егілген аумақта (Пришахтинск ауданы)  экосенбілікке қатысып, қоқысты бөлек жинап, оны қайта өңдеуге тапсырды.

Іс-шара Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша және олардың қолдауымен «Бөл, тапсыр, қайта өндір!» жобасының аясында өтті. Біздің қаламызды таза ұстайық!