5 наурыз күні жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Жанға дауа әуендер» жобасы аясында, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Дәстүрлі ән» бөлімінің 3-курс студенттері Мүрсәлім Ақжол және Тәттімбек Айбектің қатысуымен «Аналар арманы» атты тікелей эфир өтті.
Эфир қонақтары өздерінің дәстүрлі ән туралы ой-пікірлерімен бөлісті және 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай,аналар құрметіне:
Дәнеш Рақышевтың «Қарақат көз қалқам-ау», Ақан сері «Көкшетаудың биігі», Кенжебек Күмісбеков «Аққу жеткен», Тұрсынжан Шапай «Дариға дәурен» әндерін орындады. Шара соныңда аналар мен аруларды көктем мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
View the embedded image gallery online at:
http://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1272-5-nauryz-2022#sigFreeId2654b90c92
http://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1272-5-nauryz-2022#sigFreeId2654b90c92