2021 жылдың 27 мамырында сағат 14.00-де Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының коворкинг - орталығында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысының жас кітапханашылары арасында «Жылдың үздік кітапханашысы-2021» кәсіби шеберлік байқауының финалдық кезеңі өтті.

Байқау кітапханашылардың шығармашылық әлеуеті мен кәсіби шеберлігін дамыту, кітапхананың және кітапханашы мамандығының беделін арттыру; шығармашылықпен жұмыс істейтін кітапханашыларды анықтау және көтермелеу; кітапханашылардың инновациялық қызметін қолдау және ынталандыру, табысты кітапханалық жұмыс тәжірибесін тарату мақсатында өткізілді.

Өтінімдер 2021 жылдың 10 наурызмен 30 сәуірге дейін қабылданды. Іріктеу турына Қарағанды облысының 11 кітапхана жүйесінен 26 жас кітапханашылар қатысты (4 аудан: Бұқар Жырау, Ұлытау, Абай, Шет және 7 қала: Қарағанды, Балқаш, Қаражал, Саран, Теміртау, Сәтпаев, Жезқазған қалалары).

Байқаудың кәсіби қазылар алқасының құрамы:

  • Каленова Нұргүл Қасымханқызы – Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК басшысы (қазылар алқасының төрайымы);
  • Аманжолова Дина Базарбайқызы. - Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК басшысы;
  • Ахметкәрімова Гүлжан Қабылкәрімқызы - Қарағанды қ. ОКЖ басшысы.

 

Байқаудың финалдық кезеңіне 8 үздік қатысушы іріктелді.

Финалда жас кітапханашылар екі байқауда өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Бірінші байқау – «Ашық іс-шара», оның барысында қатысушылар электронды презентациялар арқылы патриоттық тақырыптағы ең жақсы өткізілген іс-шара туралы айтты.

Екінші байқау – «Блиц-турнир – кәсіби тақырыпқа жауаптар».

 

Өткір бәсекелестік күрес нәтижесінде байқаудың жеңімпазы мен лауреаттары анықталды, олар лайықты марапаттарға ие болды:

  • Бакирова Сабина Ришатовна – Абай қаласы орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қарағанды облысының жас кітапханашылары арасындағы «Жылдың үздік кітапханашысы-2021» кәсіби шеберлік байқауында жеңіске жеткені үшін бас жүлде дипломы және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 25000 теңгеге сертификаты;
  • Зюкина Татьяна Викторовна, кітапханашы-библиограф, Ғабиден Мұстафин кентінің аудандық модельді балалар кітапханасы, Бұқар Жырау ауданының ОКЖ - І дәрежелі Диплом және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 20000 теңгеге сертификаты;
  • Қосжан Гүлмаржан Болатқызы, Жасөспірімдерге қызмет көрсету бойынша № 1 филиалының меңгерушісі,  «Қарағанды қ. ОКЖ»  КММ

– II дәрежелі Диплом және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 15000 теңгеге сертификаты;

  • Узбаева Марина Ахмедовна - С. Сейфуллин атындағы ОҚК оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы, Балқаш қ. ОКЖ - III дәрежелі Диплом және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 12000 теңгеге сертификаты;
  • ·        Досетова Жаннель Маратовна, балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы, Жезқазған қаласының ОКЖ - Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК мақтау қағазы және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ынталандыру сыйлығы;
  • Ғазизқызы Сағыныш, орталық балалар кітапханасының кітапханашысы, Абай ОКЖ - Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК мақтау қағазы және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ынталандыру сыйлығы;
  • ·        Чабанюк Анна Евгеньевна, А. Гайдар атындағы ОҚБК оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы, Балқаш қаласының ОКЖ - Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК мақтау қағазы және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ынталандыру сыйлығы;
  • Нұржанова Жанар Қабыкенқызы, № 1 кітапхана-филиалының кітапханашысы, Теміртау қ. ОКЖ - Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК мақтау қағазы және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ынталандыру сыйлығы.

Облыстық байқаудың жеңімпазы «Қазақстан кітапханалар одағы» ЗТБ және ҚР Ұлттық кітапханасы бастамасымен ұйымдастырылған (Алматы қ.) «2021 жылдың үздік жас кітапханашысы» республикалық байқауына қатысады.