2021 жылы 15 сәуірде сағат 15.00-де ZOOM платформасында онлайн форматта Ұлттық ғашықтар күніне ұйымдастырылған «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» атты «Бақытты сәт» интеллектуалды-танымдық ойыны өтті.

Ойынға  Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің 1 курс студенттерінен құралған «Серілер» тобы және №2 "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушыларынан құралған «Қырандар» тобы қатысты.

Шарт бойынша ойын 3 бөлімнен тұрады:

  • I-бөлім «Сәлем - сөздің атасы» - бұл жерде әр қатысушы топ өздерін таныстырды.
  • II-бөлім «Жүйрік болсаң озып көр» - бұл бөлімде қатысушы топтарға салт-дәстүрден сұрақтар қойылды.
  • III-бөлім «Мақал – сөз атасы» - бұл кезеңде топтар әзіл сұраққа мақалмен жауап берді.

Ойынға қатысушы «Серілер» және «Қырандар» тобына әділқазылар алқасы баға берді. Ойынның нәтижесі шыққанша Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің 1 курс студенті,  Қазыл Ұланның ән-шашу орындады.

Екі топтың да жинаған ұпайы тең түсіп, достық жеңіске жетті. Топтар дипломмен марапатталды.

#Бектуровка #ойын #салтдәстүрлер #ғашықтаркүні #жасөспірім #облыстықкітапхана