2021 жылдың 7 сәуірі күні сағат 15:00-де ZOOM платформасында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жаспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

     Бұл шараға Қарағанды медицина университеті жалпы медицина мамандығының 1-2 курс  студенттері, Қарағанды жоғарғы медициналық интерколледж мейіргер ісі мамандығының 1 курс студенттері, Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің 1 курс студенттері және №45 гимназия оқушылары қатысты.

     Шара барысында Қарағанды Медицина Университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының» ассистент-профессоры Абдрахманова Камшат Жақсылыққызы тарихшы маманы ретінде жалпы жолдаудың өзекті мәселелеріне тоқталды. Сонымен бірге, №45 гимназиясының тарих пәнінің мүғалімі Кондрашова Жанна Ивановна жолдаудағы «Білім беру жүйесіне» баса назар аударып, өз ойымен бөлісті.

    Жолдауда азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың волонтерлік қызметке қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру делінген болатын. Осы мәселе бойынша Қарағанды медицина университеті жалпы медицина мамандығының 2 курс студенті Қибаш Жансая «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында презентация жасады. Сонымен бірге, №45 гимназиясының 10сынып оқушысы Байболсын Ариана «Волонтерлар қызметі» жайында баяндама жасады.

      Жолдауда көрсетілген ел экономикасын және ел басқаруды түбегейлі өзгертудің қажеттілігін өмірдің өзі талап еткендігін айта келе, Президент біздің болашақ дамуымыз жан -жақты сарапталған өзгерістер жасауға байланысты деп көрсетті. Осы мәселе бойынша Қарағанды медицина университетіжалпы медицина мамандығының 1курс студенттері  Мұханбетқали Ақерке мен Абдиқул Асылай «Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі» тақырыбында презентация жасады.

     Жолдауда жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталған. Осы мәселе бойынша Қарағанды медицина университетіжалпы медицина мамандығының 1студенттері  Басқар Бибинур, Дауитова Зарина  «Қолжетімді әрі сапалы білім» және Қарағанды жоғарғы медициналық интерколледжі мейіргер ісі мамандығының 1 курс студенті  Хытайхан Мөлдір «Білім беру жүйесі» тақырыптарында презентация жасады.

    Ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Осы мәселе бойынша Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің 1 курс студенті Шайхыслан Дамир «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында презентация жасады.

     Жалпы қатысқандардың саны 36 адам.

 

#Бектуровка #дөңгелекүстел #президент #жолдау #облыстықжасөспірімдеркітапханасы