22 ақпан күні Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектепте 1 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері және ата - аналармен бірге оқушыларға кітап оқуды насихаттау, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, Абай шығармалары мен қара сөздерінің рухани маңыздылығын жеткізу мақсатында «READ-x» жобасы бойынша «Оқу-білім - кітапта» атты танымдық кеш өткізілді.Іс-шара ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналды.

Кешке Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері» секторының басшысы Ж. И. Катаева мен «Балаларға қызмет көрсету бөлімінің» басшысы Ж.М. Зарубекова арнайы шақырылып қатысты. Іс-шара екі бөлімнен өтті.

Кешті №76 ЖББОМ директоры М.Қ. Күзембаев ашып, рухани байлық кітап оқу арқылы келетініне тоқталып, оқушыларға «Қазақ ертегілері» мен «Батырлар жырларын» оқуды ұсынды. Бірінші бөлімде 1-сынып оқушылары Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін жатқа айтты.  Іс –шараға келген кітапханашылар бастауыш буынға қызықты кітаптарды айтып және 5 сынып оқушыларының «Кітап оқуды қалай үйрену керек?», Кітапты қалай тез оқу керек?», «Оқығаннан кейін қатты әсер қалдырған, өміріңізді немесе көзқарасыңызды өзгерткен кітап болды ма?» деген сұрақтарына жауап берді.

Екінші бөлімінде ата-аналар мен оқушылар Абайдың қара сөздерін және Ы. Алтынсаринның «Жаман жолдас»  атты  әңгімесін талдады. Танымдық кештің әділқазы мүшелері болған кітапханашылар оқушыларды «Үздік мәнерлеп оқушы», «Көркем сөз шебері», «Үздік оқырман», «Жас оқырман» номинацияларымен марапаттады.

«READ-x» жобасына арналған бұл танымдық кеш өте қызықты әрі тартымды өтті.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Библиотека имени Ж.Бектурова (@bekturov_library)26 Фев 2020 в 2:55 PST