Әскери жәдігерлер Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында, сондай-ақ, осы акцияның үйлестірушілері болып табылатын облыстың аудандық кітапханаларында қабылданады. Экспонаттар әрі қарай пайдалану мақсатымен жобаны ұйымдастырушыға тапсырылады (Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы).

Әрбір экспонат тізімдеме бойынша қабылданады.

Әрбір экспонатқа кішігірім сипаттама, сондай-ақ осы жәдігерлерге тиесілі жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылар туралы әңгіме қоса берілуі тиіс.

Әскери жәдігерлер 2019-2020 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған іс-шаралар мен көрмелердің экспонаттары ретінде пайдаланылады. Мерейтой күні – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығы қарсаңында 2020 жылы «Жалынды жылдар шежіресі. Мәңгі есте сақталатын беттер» Әскери отбасылық жәдігерлердің кеңейтілген қорытынды көрмесі ашылады.

«Батылдық» - «Мужество»  жобасы аяқталғаннан кейін тапсырылған экспонаттар иелерінің қалауы бойынша қайтарылатын болады. 

 

Біздің мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Ержанов к., 8А

тел.: 8 (7212) 400648

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

http://www.uniorlib.kz