
Елбасы Жолдаулар
Мультимедиялық шығарылымдар
"Елбасы Жолдауы - кемел болашақ кепілі"
Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы
Шығу тарихы
2006 жылы Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы кітапханалар жұмысына көмек ретінде «Елбасы Жолдауы – кемел болашақ кепілі»: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жөніндегі материалдар» атты қағаз түріндегі құралды шығарды. Бұл құралда ҚР Президентінің Жолдауын насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары, көпшілік іс-шаралар түрлері, қазақстандық баспасөзде жарияланған мақалалар тізімі, «Портативті электронды кітапхананың» материалдары, фотогалерея және сайттардың мекен-жайлары ұсынылды. 2007 жылы қоғамның кәсіби қоғамдастыққа қойған талаптары мен сұраныстарына сәйкес, кітапхана Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларын насихаттау мақсатында пайдаланушылар назарларына жаңа шығарылған өнімді - «Елбасы Жолдауы – кемел болашақ кепілі» атты мультимедиялық-библиографиялық құралды ұсынды. Бұл құралдар жыл сайын 11 жыл бойы шығарылып жатыр. Мультимедиялық-библиографиялық құралдардың міндетті құрылымдық элементтері:
- - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларының мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде;
- - материалдардың негізгі міндеттері мен қағидаларын ашатын Жолдаулар негізінде жасалған бейнетұсаукесерлер;
- - «Қарағанды облысының Президент Жолдауларын іске асыру жөніндегі іс-әрекеттер жоспары» атты тұсаукесерлер;
- - әдебиеттер мен сайттар тізімі. Шығарылымдар контенті әртүрлі блоктардан құрылады: инфографика, насихаттаушыларға, ақпараттық-насихаттаушылық топтардың басшылары мен мүшелеріне арналған әдістемелік ұсыныстар, өңір бойынша Жолдаудың іске асырылуы жөніндегі ақпарат, бейнеқатар, тұсаукесерлер ж.т.б.
Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларын насихаттау жөніндегі ұзақ мерзімді баспа жұмысымен еліміздің дамуына, қоғамымыздың тұрақтылығы мен нығаюына, жастардың азаматтық бастамашылдығы мен жігерлілігін көтеруіне, кітапханалар жұмысын белсендіруіне, олардың жағымды бейнесін көтеруіне үлкен үлес қосып жатыр.