Франкл, В. 

Өмірден мән іздеген жан [Мәтін] / В.Франкл.- Алматы: Мазмұндама қоғамдық қоры, 2020. - 192 б.

 

     ХХ ғасырдың зұлмат кезеңі Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде нацистік Германияның адамзатқа қарсы жасаған қанішерлігіне куә болған Виктор Франкл концлагерьден шыққан соң бір жылдан соң, 1946 жылы осы кітапты жазып шығады. Адамды ең қиын кездерден аман алып шығатын оның өмірінің мәні екенін лагерьде болған оқиғаларды әңгімелей отырып дәлелдейді.
Франклдың теориясы өмірдің мәнін ләззат алу деп түсінген Фрейдтің, билікке ұмтылу деп өсиет еткен Альфред Адлер идеясымен онша үйлесе қоймайды. Сондықтан да, оны ғылыми әлем «Венаның үшінші психотерапия мектебі» деп аталатын (Фрейдтің психологиялық талдауынан және Адлердің жеке психологиясынан кейінгі) логотерапия мектебінің негізін салушы деп біледі. Алғаш рет 1946 жылы жарық көргеннен бастап, 1997 жылы автор өмірден озғанға  дейін,10 миллионнан аса таралыммен сатылып, 24 тілге аударылған.