Есенберлин, І. 
Қаһар. Көшпенділер: тарихи роман / І. Есенберлин. - Нур-Султан : Фолиант, 2021. - 408 бет.

      Көшпенділер – Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» атты үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма – қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі. Тарихи туындының «Қаһар» атты үшінші кітабы қазақ даласында дербес хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік жолындағы күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен жүргізген келіссөздері жайында баяндайды. Осы азаттық үшін күресте елдің күйзеліске ұшырауы, дұшпандарының Кенесарыға қарсы ұйымдасқан іс-әрекеттерін жазушы ашып көрсетеді.